Родри «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартудан бас тартты
2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанған испаниялық жартылай қорғаушы Родри «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартудан бас тартты.
Журналист Рамон Альварестің X әлеуметтік желісіндегі мәліметіне сәйкес, футболшы мансабын мадридтік «Реалда» жалғастыруды қалайды.
30 жастағы ойыншының қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде.
Родри 2019 жылдан бері «Манчестер Ситиде» өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ол «Атлетико Мадрид» пен «Вильярреалдың» намысын қорғаған. Англиялық клуб сапында төрт мәрте Премьер-лига чемпионы атанып, үш рет Лига кубогын, екі рет Англия кубогын және екі мәрте УЕФА Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ Чемпиондар лигасы, «Community Shield» және клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы болды.
Испания құрамасымен бірге Родри 2026 жылғы әлем чемпионатын, 2024 жылғы Еуропа чемпионатын және 2023 жылғы Ұлттар лигасын жеңіп алды.