«Реал» – «Бавария», «Барса» – «Атлетико»: ЕЧЛ-дің ширек финалға шыққан командалары белгілі болды
Турнирде 8 команда қалды.
Сәрсенбі кешінде Чемпиондар лигасы 2025/26 жылғы маусымының 1/8 финалы аясында тағы төрт кездесу өтті. «Арсенал», «Реал», «ПСЖ» және «Спортингтен» кейін «Барселона», «Атлетико», «Бавария» және «Ливерпул» командалары да ширек финалға жолдама алды.
1/8 финал нәтижелері:
- «Реал» – «Манчестер Сити» – 5:1 (3:0, 2:1)
- «ПСЖ» – «Челси» – 8:2 (5:2, 3:0)
- «Спортинг» – «Будё-Глимт» – 5:3 (0:3, 5:0)
- «Арсенал» – «Байер» – 3:1 (1:1, 2:0)
- «Атлетико» – «Тоттенхэм» – 7:5 (5:2, 2:3)
- «Барселона» – «Ньюкасл» – 8:3 (1:1, 7:2)
- «Ливерпул» – «Галатасарай» – 4:1 (0:1, 4:0)
- «Бавария» – «Аталанта» – 10:2 (6:1, 4:1)
Плей-оффтың толық кестесі алдын-ала белгілі болғандықтан, тағыда жеребе тартылмайды. Ширек финалға шыққан командалар өздерінің келесі қарсыластарын алдын ала біледі.
1/4 финал жұптары:
- «Реал» – «Бавария»
- «ПСЖ» – «Ливерпул»
- «Спортинг» – «Арсенал»
- «Барселона» – «Атлетико»
Тізімде бірінші көрсетілген командалар бірінші ойындарын өз алаңында өткізеді.