Қазақстан Құрылтайына төраға сайланды
Бүгін Астана қаласында бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды.
KAZINFORM мәліметінше, аталған шарада Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған.
Конституцияға сәйкес, Құрылтай төрағасы жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Кандидаттың аты-жөні дауыс беруге арналған бюллетеньге енгізіліп, депутаттар арасынан есеп комиссиясы құрылды. Комиссия дауыс беру барысын қадағалады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 145 депутаттың 144-і Айбек Дәдебайдың кандидатурасын қолдады.
Осылайша, Айбек Дәдебай Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай төрағасы болып сайланды.