Өзбекстан Президенті Түркияның «OYAK» компаниясының басшысын қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммиті аясында «OYAK» компаниясының бас атқарушы директоры Мурат Ялчинташты қабылдады.
Мемлекет басшысы кейінгі жылдары Түркиямен стратегиялық серіктестік қатынастарының тұрақты дамып келе жатқанын, бұл үдерісте іскер топ өкілдерінің орны мен үлесі айрықша екенін атап өтті.

Кездесу барысында түркиялық серіктес әрбір инвестор үшін мол мүмкіндік алаңына айналып келе жатқан Жаңа Өзбекстанда химия өнеркәсібі, геология және құрылыс салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Сонымен қатар Жаңа Ташкентте тұрғын үй кешендері мен сыртқы инфрақұрылым нысандарын салуға белсенді қатысуға дайын екенін жеткізді.
