Орталық Азия мен Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары «Баку» қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты
Бейресми Консультативтік кездесу аясында Орталық Азия мен Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ыстықкөл жағалауында бой көтерген жаңа бес жұлдызды «Баку» қонақүйінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Көшбасшылар заманауи қонақ үй кешенінде келушілердің демалуына және халықаралық іс-шараларды өткізуге жасалған жағдайлармен танысты.






Қонақ үй 17,2 гектар аумақта орналасқан. Кешен құрамына жалпы аумағы шамамен 30 мың шаршы метрді құрайтын, 120-дан астам бөлмесі бар жеті қабатты ғимарат, бассейн, аквапарк, спорт және ойын-сауық инфрақұрылымы кіреді.