Литва парламенті ел аумағында ядролық қару орналастыруға тыйым салуды алып тастау туралы ұсынысты мақұлдады
Литва парламенті – Сейм ел аумағында ядролық қару орналастыруға қойылған тыйымды алып тастау туралы ұсынысты мақұлдады. Мәселе талқыланғаннан кейін конституциялық түзетуді қарау үшін тиісті комитеттерге жіберілді.
Парламенттің жалпы отырысында 99 депутат бұл шараны қолдап, 13 депутат қарсы дауыс берді, бес депутат қалыс қалды.
Қабылданған шешімге сәйкес, Литва аумағында ядролық қаруды да қамтитын жаппай қырып-жою қаруын орналастыруға тыйым салатын Конституцияның 137-бабын алып тастау көзделіп отыр.
Сейм конституциялық түзету бойынша үш айлық үзіліспен екі рет дауыс беруі керек. Түзету 141 депутаттың кемінде 94-інің білікті көпшілік дауысымен қолдау табуы тиіс. Процесс 6 қазанда басталып, екінші дауыс беру 12 қаңтарға белгіленген.