Колумбияның жаңа президенті 14 елдегі елшіліктерін жабуды жоспарлап отыр
Биыл 7 тамыздан бастап Колумбияның жаңа президенті қызметіне кірісетін Абелардо де ла Эсприелья елдің дипломатиялық өкілдіктерін қысқарту жоспарын жариялады.
Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес, Алжир, Барбадос, Куба, Чехия, Эфиопия, Гана, Гаити, Мажарстан, Малайзия, Никарагуа, Румыния, Сенегал және Оңтүстік Африка Республикасындағы елшіліктерді қоса алғанда, 14 мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктердің қызметі тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ Палестинада елшілік ашу үдерісі де тоқтатылады.
Абелардо де ла Эсприельяның айтуынша, бұл шешімнің негізгі мақсаты – мемлекеттік шығындарды оңтайландыру.