Жолдастық кездесу: Өзбекстан құрамасы Иранды 3:1 есебімен жеңді
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы ФИФА күндері аясында Иран құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді.
Ферғана қаласындағы «Истиклол» стадионында өткен ойында Өзбекстан ұлттық құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде Элдор Шомурадов екі гол соқса, Хусайн Норчаев бір рет мергендік танытып, команданың жеңісіне үлес қосты.
Енді Фабио Каннаваро жаттықтыратын Өзбекстан ұлттық құрамасы 1 қазан күні Ташкентте Сирия құрамасымен кездеседі. Сонымен қатар 6 қазанда Оңтүстік Кореяда алаң иелерімен ойнайды.