Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды
Жаңа Зеландия астанасы — Веллингтон қаласында нөсер жауын мен сел тасқындары салдарынан төтенше жағдай енгізілді.
Жауын-шашын қала инфрақұрылымына елеулі зиян келтіріп, көшелерді су басты. Бір сағатқа жуық уақыт ішінде 77 миллиметр жаңбыр жауғаны тіркелді.
Табиғи апат салдарынан көптеген көліктер су астында қалып, ағаштар құлап, кейбір үйлерге айтарлықтай зиян келді. Бірнеше мектеп жабылып, әуежайда рейстер тоқтатылды. Үкімет тұрғындарды үйлерінде болуға шақырып, қажетсіз қозғалыстарды шектеуді ұсынды.
Қазіргі уақытта ондаған адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды. Ресми деректерге сәйкес, қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.
Экологтар жауын-шашынның әлі де жалғасуы мүмкін екенін айтып, ойпаң жерлерде тұратын тұрғындарды уақытша басқа аймақтарға көшуге шақырды.