Хиуада III «Лазги» халықаралық би фестивалі аяқталды
Хива қаласында өткен III «Лазги» халықаралық би фестивалі табысты аяқталды.
2022 жылдан бері екі жылда бір рет ұйымдастырылып келе жатқан бұл фестиваль биыл үшінші мәрте өтті. Шара ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ қамқорлығымен ұйымдастырылды.
Биылғы фестивальге әлемнің 30-дан астам елінен 300-ден аса биші, кәсіби ұжымдар, өнертанушылар, музыкатанушы ғалымдар және танымал шығармашылық өкілдері қатысты.
Екі күнге созылған фестивальдегі сайыста 13 мемлекеттен 25 ұжым қатысып, өнерпаздардың шеберлігін 7 адамнан тұратын халықаралық қазылар алқасы бағалады. Бағдарлама соңында халықаралық би байқауының жеңімпаздары анықталды.
Фестиваль аясында ТҮРКСОЙ арнайы мүсіні мен 1000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы Қазақстан өкілі Мұрат Қаракөзге табысталды.
[gallery-29096]
Үшінші орын:
– «Ең үздік жеке би орындаушысы» – Шахжахан Бердибеков (Өзбекстан)
– «Ең үздік би ұжымы» – «Крижачок» (Беларусь)
– «Ең үздік сахналанған би» – «Бұхара мавжлари» (Өзбекстан)
Жеңімпаздарға диплом, мүсін және 2000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.
Екінші орын:
– Ёқутхон Хасанова (Өзбекстан) және Амина Алиева (Әзербайжан)
– «Сема» ансамблі (Әзербайжан)
– «Салтанат» ансамблі (Қазақстан)
Оларға 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы табысталды.
Бірінші орын:
– Карина Калпакова (Ресей, Башқұртстан) және Нодира Сеиджанова (Өзбекстан)
– Омбы мемлекеттік орыс халық ансамблі (Ресей)
– Бейжің би академиясының ансамблі (Қытай)
Жеңімпаздар 5000 АҚШ долларымен марапатталды.
Фестивальдің бас жүлдесі – Гран-при «Сырнай лазгисін» орындаған Өзбекстан өкілі Мохира Жовлиеваға бұйырды. Оған 7000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы, диплом және арнайы мүсін салтанатты түрде табысталды.
Сондай-ақ, фестиваль аясында бірқатар қосымша номинациялар бойынша белсенді қатысушылар да марапатталды.
Айта кету керек, 2019 жылы «Хорезм лазги» биі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген.
суреттерді түсірген Б.Саидов, ӨзА