Филиппинде паром өртеніп, бес адам қаза тапты
Филиппиннің танымал туристік бағыттарының бірі саналатын Палаван провинциясы жағалауында паром өртенді.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан бес адам қаза тапқан және 87 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Оқиға кезінде «Эм-Ви Джун Астер» паромында 117 жолаушы мен 17 экипаж мүшесі, жалпы 134 адам болған.
Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, құтқарушылар әзірге 42 адамды судан алып шыққан. Құтқару жұмыстары Палаван провинциясындағы Корон қаласына қарасты Марсилья елді мекенінен шамамен 2,2 шақырым қашықтықтағы теңіз аумағында жалғасып жатыр.
Оқиға орнына арнайы топтар дереу жіберіліп, жағалау күзеті, әскери қызметшілер, жергілікті балықшылар мен еріктілер іздеу-құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз, тиісті мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.