EA Sports: Испания 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы болады
EA Sports компаниясы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Испания футбол құрамасы жеңіске жетеді деп болжап отыр.
Компания өз болжамын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Айта кетерлігі, EA Sports бұған дейін төрт әлем чемпионатының жеңімпазын дәл тапқан еді. Атап айтқанда, 2022 жылы компания Аргентина футбол құрамасының, 2018 жылы Франция құрамасының, 2014 жылы Германия құрамасының, ал 2010 жылы Испания құрамасының чемпион атанатынын болжаған.
2026 жылғы әлем чемпионаты бүгін 11 маусым күні басталады. 19 шілде күні аяқталатын мундиал Америка Құрама Штаттары, Канада және Мексика аумағында өтеді.