АҚШ Сирияға құны 5 миллион доллардан асатын көне жәдігерлерді қайтарды
АҚШ-тың Манхэттен округінің прокуроры Элвин Брэгг Сирия халқына жалпы құны 5 миллион доллардан асатын 36 көне жәдігердің қайтарылатынын мәлімдеді.
Көптеген жылдар бойы Пальмира бедерлі туындысы, Сириядағы римдік вилладан алынған 14 мозаика және басқа да көне жәдігерлер заңсыз түрде елден шығарылып, антиквариат нарығына түскен еді.

– Бұл үдеріс мәдени мұраны қорғау үшін шекараның да, ұлттың да маңызы жоқ екенін еске салатын қуатты үндеу, – деді Элвин Брэгг.

Вашингтондағы Сирия елшілігінің уақытша сенімді өкілі Мұхаммед Насыр Канатри екі елдің ынтымақтастығы нәтижесінде араб елінің тарихынан сыр шертетін жәдігерлердің бір бөлігі ақыры отанына оралатынын атап өтті.