АҚШ пен Иран Ормуз бұғазын ашу жөніндегі шартты келісімге жақын тұр
Вашингтон мен Тегеран Ормуз бұғазын қайта ашу жөнінде шартты келісімге келген. Алайда келісім әлі толық рәсімделіп, қол қойылған жоқ.
The New York Times газетінің жазуынша, тараптар арасындағы келісімнің шамамен 95 пайызы дайын. Қазіргі уақытта Иранның ядролық бағдарламасы мен Ормуз бұғазының бақылауына қатысты кейбір мәселелер бойынша келіссөздер жалғасып жатыр.
CBS News мәліметінше, Иран шенеуніктері елдің жоғары басшысымен байланыс орнатуда қиындықтарға тап болғандықтан, жауаптар кешіктіріліп берілуде.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізушілерге келісімді асықпай аяқтауды тапсырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, меморандумға қол қойылғанға дейін Иранға қатысты теңіз блокадасы сақталады.
Сондай-ақ Трамп Иранның ешқашан ядролық қаруға ие болмауы керектігін тағы бір мәрте атап өткен.