Өзбекстан жоғары оқу орындарында Қазақстан азаматтары үшін 20 грант бөлінді
Өзбекстанның мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан азаматтарынан бөлек Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия азаматтарына жалпы 70 грант бөлінді.
Бұл туралы ӨР Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің мәлімдеді.
Хабарда айтылуынша, 2026/27 оқу жылына аталған елдердің азаматтарына грант орындары төмендегідей бөлінген:
- Қазақстанға – 20 грант;
- Қырғызстанға – 20 грант;
- Тәжікстанға – 20 грант;
- Моңғолияға – 10 грант.
Бұл бастама Орталық Азия елдері арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, жастардың өзара тәжірибе алмасуына және академиялық байланыстардың кеңеюіне мүмкіндік береді.