Өзбекстан Президенті Татарстан басшысымен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Татарстан Республикасының Төрағасы Рустам Миннихановпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат басында Рустам Минниханов Мемлекет басшысын туған күнімен шынайы құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жан-жақты қызметіне толағай табыстар тіледі.
Тараптар Өзбекстан өңірлері мен Татарстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ өзара тауар айналымының көлемін ұлғайту және басым салалардағы өнеркәсіптік кооперация жобаларын жеделдетуге бағытталған бірлескен іс-шараларға ерекше назар аударылды.