Өзбекстан Президенті ресми сапармен Сербияға барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтің шақыруымен 7-8 қыркүйек күндері ресми сапармен осы елге барады.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Белград қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ екі елдің ресми тұлғалары мен іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі.
Алдағы диалогтардың күн тәртібінен Өзбекстан-Сербия көпқырлы серіктестігін одан әрі нығайту мәселелері орын алған.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сонымен қатар көлік, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, ақпараттық технологиялар сияқты басым бағыттарда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады.
Еңбек миграциясы саласындағы ынтымақтастықты жолға қою, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері де талқыланады.
Саммит қорытындысы бойынша үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдердің ауқымды топтамасын қабылдау көзделген.