Өзбекстан Президенті ресми сапармен Беларусь еліне барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконің шақыруымен 8 шілде күні ресми сапармен Минск қаласына барады.
Бұған дейін хабарланғандай, Беларусь астанасында жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздері өтеді.


Кездесу барысында Өзбекстан мен Беларусь арасындағы көпқырлы серіктестік қатнастарын одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.