Өзбекстан мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі «жол картасына» қол қойылды
Астана қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен инвестиция және сауда салаларында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға арналған практикалық іс-қимыл жоспарына қол қою рәсімі өтті.
«Жол картасында» автомобиль жасау, энергетика, химия өнеркәсібі, металлургия, фармацевтика, логистика, құрылыс материалдарын өндіру, тұрғын үй құрылысы және ауыл шаруашылығы секілді салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделген.



Құжат биыл сәуір-мамыр айларында екі ел басшыларының Бұхара және Түркістан қалаларында өткен кездесулерінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бағытталған.