Тәжікстан мен Иран өзара визасыз режим енгізді
Тәжікстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында өзара визасыз режим енгізілді.
Алдағы уақытта екі елдің азаматтары шекараны әуе және құрлық жолдары арқылы, сондай-ақ үшінші ел арқылы келген жағдайда да визасыз кесіп өте алады.
– Бұл режим басқа ел аумағында 90 күн ішінде 30 күнге дейін болуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.