Сирияның бұрынғы Бас мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сирия соты Башар Асад билігі кезінде діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру, қызметтік өкілетін асыра пайдалану және басқа да қылмыстар жасады деп танылған елдің бұрынғы Бас мүфтиі Ахмад Бадр әд-Дин Хассунды сырттай өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Сот оны адамзатқа қарсы қылмыстар мен соғыс қылмыстарына кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеу туралы да шешім қабылдаған.
Хассун 2005–2021 жылдары, яғни 16 жылдан астам уақыт бойы Сирияның ең жоғары діни лауазымын атқарған. Ол Башар Асадпен тығыз байланыста болған және бұрынғы биліктің саясатын ашық қолдаған тұлғалардың бірі саналды.