Қатар газды сұйылту үдерісін толық тоқтатты
Таяу Шығыстағы тұрақсыздық аясында Қатардың «QatarEnergy» мемлекеттік энергетикалық компаниясы 4 наурыз күні газды сұйылту үдерісін толық тоқтатты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, компания кемінде екі апта бойы зауыт жұмысын қайта жандандырмайды.
Жұмысты қайта жалғастыру туралы шешім қабылданған күннің өзінде, газды аса салқындатылған отын күйіне жеткізіп, өндірісті толық қуатқа шығару үшін тағы екі апта уақыт қажет болады.
Әлем бойынша сұйытылған табиғи газ (СТГ) экспортының шамамен 20 пайызы Қатардың үлесіне тиесілі. Ел экспорттайтын газдың 80 пайыздан астамы Қытай, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Пәкістан және өңірдегі басқа да мемлекеттерге жөнелтіледі.
Агенттік мәліметінше, 2 наурыз күні Азияда сұйытылған табиғи газдың базалық бағасы шамамен 40 пайызға өскен.