Қарақалпақстанда қуаты 1 ГВт болатын дата-орталықтар құрылады
Қарақалпақстанда цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Соған орай, Нөкіс ауданында жалпы қуаты 1 ГВт болатын дата-орталықтарды қамтитын технопарк құрылады.
Кешен Қарақалпақстанның жаңартылатын энергия көздері әлеуетін пайдалана отырып, электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Дата-орталықтарды жалпы қуаты 3,3 ГВт болатын жел электр станцияларымен байланыстыру үшін кернеуі 500/220 кВ жаңа қосалқы станция мен 220 кВ электр беру желісі салынады.
Жаңа энергетикалық инфрақұрылым дата-орталықтардың электр энергиясына деген қажеттілігін халық пен экономика салаларының қолданыстағы тұтыну көлеміне әсер етпей қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ірі дата-орталықтар тек Өзбекстанға ғана емес, бүкіл өңірге цифрлық қызметтер мен жоғары технологиялық шешімдер ұсынатын болады.
Айта кетейік, жаңа энергетикалық инфрақұрылымның бірінші кезеңін 2027 жылдың екінші жартысында, ал толық қуатында іске қосуды 2028 жылдың екінші жартысында жоспарланып отыр.