Қара теңізде кемелерге жасалған шабуылдар күрт көбейді
Биыл жыл басынан бері Қара теңізде 570-тен астам кемеге шабуыл жасалып, салдарынан 40 теңізші қаза тапқан.
Мәліметке сәйкес, шілде мен қыркүйек аралығында Қара теңізде шамамен 387 кеме зақымданған. Бұл алдыңғы тоқсандағы көрсеткіштен бес есе көп.
Қауіп-қатердің күшеюіне байланысты кеме иелері Қара теңіз арқылы қатынаудан бас тартып жатыр. Ал сақтандыру құны кеме корпусының бағасының 15 пайызына дейін жетуі мүмкін. Бұл Парсы шығанағындағы кемелерді сақтандыру құнынан екі есеге жуық жоғары. Кейбір компаниялар сақтандыруы арзанырақ әрі қауіпсіз болуы мүмкін ескі танкерлерді пайдалануда.
Мұндай қауіп-қатердің артуы Украина экспортына да әсер етіп отыр. Ең ірі жеке порт операторы TIS мәліметінше, Одесса порттары қыркүйек айында қабылдаған кемелер саны 10-ға да жетпеген. Ал шілдеде бұл көрсеткіш шамамен 400 болған.
Украина астық тасымалын Дунай бойындағы шағын порттарға бағыттап жатыр. Алайда бұл порттар да шабуылға ұшырап отыр.