Президент университет құрамындағы жасанды интеллект зертханасының жұмысымен танысты
Президент Шавкат Мирзиёев Наманган облысына жасаған сапары аясында Наманган мемлекеттік техникалық университетіндегі жасанды интеллект зертханасының қызметімен танысты.
Зертханада студенттердің практикалық білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, жасанды интеллект технологияларын нақты жобаларда қолдануға, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін арттыруға қажетті барлық жағдай жасалған.

Зертхана құрамында талдау, робототехника және бионика орталықтары, стартап-акселератор, тоғыз «ақылды» бөлме және жасанды интеллект бағытындағы екі арнайы дайындық кабинеті жұмыс істейді.

Бұл орталық жасанды интеллект, робототехника, «ақылды» көлік жүйелері, экология және агротехнологиялар салаларындағы инновациялық ғылыми-тәжірибелік жобаларды әзірлеу және енгізумен айналысады.

Мемлекет басшысы осы тәжірибені кеңінен тарату, сондай-ақ маңызды салаларды дамыту ісіне жастардың зияткерлік және ғылыми әлеуетін барынша тарту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Президентімізге облыс, қала және аудан әкімдіктерінде қызмет ететін жасанды интеллект жөніндегі кеңесшілер әзірлеген стартап жобалар таныстырылды.

Мемлекет басшысы жастармен жүздесіп, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдады.
