Пәкістан мен Ауғанстан келіссөздерді қайта бастады
Қытай Халық Республикасының делдалдығымен Пәкістан мен Ауғанстан әскери іс-қимылды тоқтату бойынша келіссөздерді қайта бастады.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, екі ел өкілдерінің кездесуі Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы әкімшілік орталығы саналатын Үрімші қаласында өтіп жатыр.
Басылым атап өткендей, Қытай Халық Республикасының ресми өкілдері бұл ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ. Пәкістанның Сыртқы істер министрлігі де бұл хабарды не растаған, не жоққа шығарған жоқ.
Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы әскери іс-қимыл мұсылмандардың қасиетті Рамазан мерекесіне байланысты уақытша тоқтатылып, наурыз айының соңында қайта жалғасқан.
Исламабад пен Кабул арасындағы бұған дейінгі келіссөздер Ыстамбұл қаласында өткен, алайда нәтижесіз аяқталған.