Өзбекстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммитіне қатысады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 29–30 қазан күндері жұмыс сапарымен осы елде болады.
Мемлекет басшысы Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының «Түркі дәуірі: тілде, ойда және істе бірлік» тақырыбындағы кезекті саммитіне қатысады.
Саммит аясында ұйым шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықты, ең алдымен, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ туризм, экология және білім беру бағыттарында одан әрі кеңейту мен нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылады.
Делегация басшылары халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасады.
Саммит қорытындысы бойынша Анкара декларациясын, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар бірлескен шешімдер мен құжаттарды қабылдау жоспарланған.