Өзбекстан мен Словения Президенттері кездесу өткізді
Анталия қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік климат саммиті аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Словения Республикасының Президенті Наташа Пирц Мусармен кездесті.
Кездесуде өткен жылы Словенияға жасалған сапар барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Тауар айналымының өскені атап өтілді. Көлік, қала құрылысы, маңызды минералдық ресурстар мен фармацевтика салаларындағы кооперацияны дамытуға, сондай-ақ мәдени және туристік алмасуларды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Тараптар өзара серіктестікті, соның ішінде Еуропалық одақпен ынтымақтастық аясында одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.