Өзбекстан мен Хорватия стандарттау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Парижде өтіп жатқан Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас ассамблеясы аясында Өзбекстанның Техникалық реттеу агенттігі мен Хорватия стандарттар институтының (HZN) өкілдері арасында маңызды екіжақты кездесу өтті.
Бұл кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты қадам болды.
Кездесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларын жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, саудадағы техникалық кедергілерді жою арқылы өзара тауар айналымын арттыру, стандарттау саласындағы озық тәжірибемен алмасу, сала мамандарының біліктілігін арттыру және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар болашағы зор екіжақты жобалар мен ынтымақтастық бағыттарын жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты.

Келіссөздер қорытындысында Өзбекстан мен Хорватия техникалық реттеу және стандарттау саласындағы байланыстарды одан әрі нығайтып, практикалық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамыту жөнінде уағдаласты.