Үндістан Премьер-министрі мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Моди мемлекеттік сапармен елімізге келді.
«Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында Үндістан Үкіметінің басшысын Мемлекет басшысы қарсы алды.


Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрмет қарауылы сап түзеді.
Сапардың негізгі іс-шаралары ертең, 30 тамызда өтеді.



