Мойнақта жаңа балабақша ашылды
Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданы "Қызыл жар" ауылдық азаматтар жиыны аумағында мектепке дейінгі білім беру ұйымы пайдалануға берілді.
Бұл жаңа балабақша құрылысы, ең алдымен, аймақтағы балалар үшін лайықты жағдай жасауымен маңызды болды. Себебі "Қызылжар" ауылында бұрын мектепке дейінгі білім беру ұйымы болмаған еді. Енді заманауи балабақша 90 тәрбиеленушіні қабылдап, 30-ға жуық қызметкердің жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр.

Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына орай пайдалануға берілген бұл балабақша ауыл тұрғындары үшін үлкен мерекелік сыйлық болды.

Салтанатты шараға аудан басшылары, махалла белсенділері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Шараға қатысушылар жаңа балабақшаның мүмкіндіктерімен және жасалған жағдайлармен танысты.
Дәуіт Әбибуллаев,
ӨзА тілшісі