Ұлттар Лигасы турнирінде Испания құрамасы финалға шықты
УЕФА Ұлттар Лигасы турнирінің жартылай финалдық ойындары басталды. Онда Испания, Италия құрамасын жеңіп финалға шықты.
Милан қаласындағы «Джузеппе Меацца» алаңында өткен кездесуде Италия құрамасы Луис Энрике шәкірттерінен 2:1 есебінде жеңілі. Осылайша «Скуадра Адзурраның» 37 ойыннан тұратын жеңіліссіз сериясы аяқталды.
Испания құрамасы 10 қазан күні финал ойнында, бүгін түнде өтетін (Франция – Белгия құрамалары) матч жеңімпазымен кездеседі.