Литва Украинаға әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді
Литва парламенті Украина сарбаздарын оқыту үшін ел әскерін Украинаға жіберуге рұқсат берді.
Бұл туралы Литва премьер-министрі Ингрида Шимоните мәлімдеді.
Оның айтуынша, Мәскеу Вильнюстің мұндай әрекетін арандатушылық деп қабылдауы мүмкін, бірақ Литва билігі бұған назар аударғысы келмейді.
Ресейдің жауабын ойласақ, ештеңе жібере алмайтын едік. Әр апта сайын біреудің ядролық шабуыл жасағаны туралы естиміз, - деген Шимоните.
Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығармаған болатын. Осыдан кейін Батыстағы талқылаулар аясында Литва осыған байланысты «қызыл сызықтардың» жойылатынын мәлімдеді.