«Конституцияға саяхат» атауымен интерактивті кітап ағылшын тілінде жарық көрді
Ташкентте «Адолат» ұлттық құқықтық ақпарат орталығы әзірлеген ағылшын тіліндегі «Конституцияға саяхат» интерактивті кітабы мен оның негізінде түсірілген мультфильмдердің таныстырылымы өтті.
Алғашында өзбек тілінде жарық көрген бұл жоба Конституция нормаларының мәнін балаларға қарапайым әрі қызықты тілмен жеткізген құқықтық-ағартушылық туынды. Интерактивті кітап пен оның негізінде әзірленген 40 бөлімнен тұратын мультфильмде күрделі құқықтық ұғымдар Одилбек, Адолатхон және Миттивой кейіпкерлерінің қызықты оқиғалары арқылы баяндалады.
[gallery-32572]
Жобаның мақсаты – балалардың құқықтық сауатын қалыптастыру, оларды Конституцияны құрметтеуге тәрбиелеу, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге үйрету.
Таныстырылымға Әділет министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Конрад Аденауэр атындағы қордың Орталық Азиядағы өкілдігі, педагогтер, шетелдік қонақтар, шығармашылық қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында жобаның жасалу тарихы, өзбек тіліндегі алғашқы нұсқасынан ағылшын тіліне аударылу барысы туралы бейнеролик көрсетіліп, мультфильмнің ағылшын тіліндегі алғашқы бөлімі таныстырылды.

Іс-шара аясында Конрад Аденауэр атындағы қордың Орталық Азиядағы өкілдігінің қаржылық қолдауымен 1 000 дана болып басылған ағылшын тіліндегі «Конституцияға саяхат» интерактивті кітабы Білім және ғылым министрлігіне табысталды.
Сонымен қатар «Адолат» ұлттық құқықтық ақпарат орталығы Өзбекстанда алғаш рет балаларға құқықтық білімді жеңіл әрі түсінікті түрде үйретуге арналған 14 құқықтық ойынды білім беру жүйесіне ұсынды.

Г.Бобоева,
Н.Абдувоитов (видео),
А.Алижонов (сурет), ӨзА