Жапонияда 7,1 магнитудалы күшті жер сілкінісі болды
Жапонияның оңтүстік-батысында 28 шілде күні магнитудасы 7,1 болатын күштіжер сілкінісі тіркелді. Салдарынан кемінде 50 адам зардап шегіп, мыңдағантұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Жапония метеорология агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағыКумамото префектурасында 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Агенттік бастапқыда Ариакэ және Яцусиро шығанақтарында цунами қаупі туралыескерту жариялағанымен, арада көп уақыт өтпей бұл ескерту күшін жойды.
150 мыңнан астам тұрғынға эвакуациялық пункттерге көшу жөнінде нұсқауберілді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Кумамотодағы ауруханалардың бірінесүйенсек, кемінде 50 адам түрлі жарақат алған. Бұдан бөлек, жер сілкінісікезінде жүрдек пойызда болған бірнеше жолаушы да жараланған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірқатар ірі автожолдардаүлкен жарықтар пайда болған. Кумамотода теміржол қатынасы уақытша тоқтатылып,жергілікті әуежай ұшақтарды қабылдау мен жаңа рейстерді орындауды тоқтатты.