Испания құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты
АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық кездесуі өтті. Онда Испания құрамасы Францияны 2:0 есебімен жеңіп, мундиаль финалына жолдама алды.
2026 жылғы әлем чемпионатында тұрақты ойыны және жоғары тактикалық дайындығымен көзге түскен Испания құрамасы жартылай финалда да өз басымдығын көрсетті. Францияға қарсы кездесуде Луис де ла Фуэнтенің шәкірттері допқа иелік ету мен шабуыл ұйымдастыруда қарсыласынан басым түсіп, 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша «қызыл фуриялар» Аргентина мен Англия құрамалары кездесуінің жеңімпазымен финалда кезедесетін болады.