ФОТОГАЛЕРЕЯ: Сұрхандарияның бүгінгі келбеті
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында
Сұрхандария — көне өркениеттердің ізі сақталған, табиғаты қайталанбас, еңбекқор әрі кеңпейіл халқымен Өзбекстанның оңтүстігінен орын тепкен өзіндік ғажап өңірі. Бұл өлке ғасырлар бойы Шығыс пен Батысты жалғаған маңызды мәдени және сауда жолдарының торабында орналасқан. Бүгінде көне тарих пен заманауи даму тоғысқан Сұрхандария жаңа келбетке ие болуда.
Кейінгі жылдары өлкенің қалалары мен аудандарында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп, халыққа лайықты өмір сүру жағдайларын жасауға айрықша мән берілді. Жаңа тұрғын үйлер, заманауи әлеуметтік нысандар, білім беру және медицина мекемелері, жолдар, инженерлік-коммуникациялық желілер бой көтерді. Әсіресе, жаңа тұрғын алқаптар мен абаттандырылған махаллалардағы өзгерістер өңірдің бүгінгі келбетінен айқын көрінеді.
Сұрхандарияның ең үлкен әлеуеті — білімді, бастамашыл әрі ізденістен танбайтын адамдары. Сондықтан білім, ғылым және жастар мәселесіне көрсетіліп отырған көңілдің маңызы айрықша. Жаңа мектептердің салынуы, қолданыстағы білім беру мекемелерінің жөнделуі, мектепке дейінгі білім беру мүмкіндіктерінің кеңеюі жас ұрпақ үшін қолайлы білім алу ортасын қалыптастырды. Бүгінде өлкеде заманауи білім мен кәсіпті меңгеріп, жаңа идеяларымен ортаға шығып жүрген жастар қатарының артып келе жатқаны қуантады.
[gallery-31094]
Адам денсаулығын сақтау және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету бағытындағы жаңарулар да назардан тыс қалған жоқ. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, заманауи медициналық қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік жасалды. Спорт саласындағы жұмыстар да, әсіресе жастарды салауатты өмір салтына баулу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және спортқа қызығушылығын арттыру тұрғысынан маңызды рөл атқаруда.
Көне тарихы мен бай мәдени мұрасына сүйенген Сұрхандария бүгінде жаңа мүмкіндіктерге ұмтылуда. Дамудың жаңа кезеңінде өлкенің табиғи және экономикалық әлеуеті, адам капиталы, кәсіпкерлік бастама мен жасампаздық рухы бір мақсат — жаңа өмір мен лайықты болашақ құру жолында тоғысып келеді.
суреттерді түсірген Ж.ҚУЗИМУРОДОВ, ӨзА