Формула-1: 19 жастағы Кими Антонелли Канада Гран-приінің жеңімпазы атанды
Канаданың Монреаль қаласында Формула-1 маусымының бесінші кезеңі өтті.
Жиль Вильнёв атындағы халықаралық автодромда өткен корольдік жарыста чемпионат көшбасшысы, италиялық 19 жастағы дарын иесі Андреа Кими Антонелли жеңіске жетті. «Мерседес» командасының пилоты 70 айналымнан тұратын 305,270 шақырымдық қашықтықты 1 сағат 28 минут 15,758 секундта бағындырды.
Екінші орынды Льюис Хэмилтон («Феррари») иеленсе, Макс Ферстаппен («Ред Булл») мәре сызығын үшінші болып кесті.
Формула-1 2026. 5-кезең, Канада Гран-приі. Жарыс (70 айналым, 305,270 км)
- Андреа Кими Антонелли («Мерседес») — 68 айналым.
- Льюис Хэмилтон («Феррари») +10.768;
- Макс Ферстаппен («Ред Булл») +11.276;
- Шарль Леклер («Феррари») +44.151;
- Исак Хаджар («Ред Булл») +1 айналым;
- Франко Колапинто («Альпин») +1 айналым;
- Лиам Лоусон («Рейсинг Буллз») +1 айналым;
- Пьер Гасли («Альпин») +1 айналым;
- Карлос Сайнс («Уильямс») +1 айналым;
- Оливер Берман («Хаас») +1 айналым;
- Оскар Пиастри («Макларен») +1 айналым;
- Нико Хюлькенберг («Ауди») +1 айналым;
- Габриэл Бортолето («Ауди») +2 айналым;
- Эстебан Окон («Хаас») +2 айналым;
- Лэнс Стролл («Астон Мартин») +4 айналым;
- Валттери Боттас («Кадиллак») +4 айналым.