Делиде Өзбекстан мен Үндістан сыртқы істер министрлерінің кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтті
Дели қаласында Өзбекстан мен Үндістан сыртқы істер министрлері Бахтиёр Саидов пен Субраманьям Джайшанкардың делегациялар қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтті.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы өзінің Telegram-арнасында Үндістанның сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар мырзамен шағын құрамдағы келіссөздерден кейін делегациялар қатысуымен жылы шырайлы, ашық әрі мазмұнды диалогты жалғастырғаны жайлы ақпаратпен бөлісті.
– Бұл кездесуде біздер мемлекеттеріміз басшылары белгілеп берген міндеттердің орындалуына, екіжақты ынтымақтастықты барлық бағытта дәйекті дамытуға, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге аудардық.
Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, көлік және логистика саласындағы өзара байланыстарды нығайту, сондай-ақ өзге де перспективалы бағыттардағы серіктестікті одан әрі жандандыру мәселелері жан-жақты талқыладық, - делінген хабарламада.
Сыртқы істер министрліктері арасындағы сенімді әрі тұрақты диалог ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және қол жеткізілген келісімдердің уақытылы әрі толық жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге ықпал ететіні атап өтілген.