АҚШ Палестина президентіне виза беруден бас тартты
АҚШ әкімшілігі Палестина президенті Махмуд Аббас пен ұлттық әкімшіліктің басқа да басшыларына Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясына қатысу үшін виза беруден бас тартты.
Мәліметке сәйкес, Аббас былтырғыдай бұл жолы да ұйым отырысында қашықтан, бейнебайланыс арқылы сөз сөйлеуге мәжбүр болады. Палестинаның ресми өкілі оған виза бермеуге террорлық әрекетке қатыстылыққа тыйым салатын заң бабы себеп болғанын атап өтті. Алайда бұл негіздің президент Аббасқа қатысты нақты қолданылған-қолданылмағаны әзірге белгісіз.
Өз кезегінде АҚШ Мемлекеттік департаменті палестиналық шенеуніктерге қатысты виза шектеулерінің ұзартылатынын мәлімдеді. Бұл шешім Палестинада күтілген реформалардың жүзеге асырылмауы, берілген уәделердің орындалмауы және бейбітшілік орнату перспективасына кедергі келтірілуімен түсіндірілген.