АПЛ аңызына айналған Джеймс Милнер футболдағы мансабын аяқтады
Англия Премьер-лигасында ойнаған матч саны бойынша рекорд иесі Джеймс Милнер кәсіби футболдағы мансабын аяқтады.
40 жастағы жартылай қорғаушы Англия Премьер-лигасында 658 матч өткізіп, турнир тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.
Ол «Манчестер Сити» сапында екі мәрте Англия чемпионы атанса, кейін «Ливерпуль» құрамында Премьер-лига мен Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды. Тәжірибелі футболшы соңғы үш маусымды «Брайтон» клубында өткізді. Бұған дейін «Лидс», «Ньюкасл» және «Астон Вилла» клубтарының намысын қорғаған.
Джеймс Милнер Англия ұлттық құрамасы сапында 61 матчқа қатысып, әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатында екі реттен өнер көрсетті.