Әзірбайжанда карантин ұзартылды
Әзірбайжан үкіметі коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген ерекше карантин режимін 2024 жылдың 2 қаңтарына дейін ұзартты.
Тиісті шешімге Министрлер кабинеті тарапынан қол қойылған.
Әзірбайжанда 2020 жылдың наурыз айының ортасынан бастап ерекше карантиндік режим енгізілген еді. Содан кейін, шектеулердің көпшілігі алынып тасталды. 2021 жылдың қаңтарынан бастап халық COVID-19 вакцинасының шамамен 14 миллион дозасын қабылдаған.