Әзірбайжан Президенті Ташкентке келді
Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 8 қарашада Ташкентте өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының он алтыншы саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға келді.
Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Іс-шараның күн тәртібіне сәйкес Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және осы көпжақты құрылымның қызметін жетілдіру мәселелері қаралады.

Еске сала кетейік, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Әзірбайжан басшысының шақыруымен 22 тамызда осы елге мемлекеттік сапармен барған еді.
Өзбекстан мен Әзірбайжан арасындағы достық қарым-қатынастың тарихы терең. Кейінгі жылдары бұл қатынастар қарқынды дамуда. Атап айтқанда, жоғары деңгейдегі диалогтар 2017 жылдан кейін жандана түсті. Өзара делегация алмасу көбейді. Осы орайда екі ел басшылары көтерген бастамалардың маңызы артып келеді.
<iframe width="650" height="420" src="https://www.youtube.com/embed/jmgbfp0YFTY" title="Озарбайжон Республикаси Президенти Тошкентга келди" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>Икрам АВВАЛБАЕВ, Насиржан ХАЙДАРОВ (сурет), ӨзА