Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Каирде Мысыр Премьер-министрімен кездесті
Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Каир қаласында Мысыр Араб Республикасының Премьер-министрі Мустафа Камал Мадбулимен кездесті.
Кездесу барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтың Мысыр Президенті Абделфаттах ас-Сисиге жолдаған ізгі тілектері жеткізілген.
Тараптар Өзбекстан мен Мысыр арасындағы жан-жақты әріптестік қатынастарын одан әрі дамыту және көпқырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін жан-жақты талқылаған.
Әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, көлік-логистика бағыттарын дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық, білім беру және діни-ағартушылық салалардағы байланыстарды нығайту, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты тереңдету жөнінде пікір алмасылды.
Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды. Өзбекстан тарапы Мысырдың Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ қақтығыстарды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті.