Өзбекстанда электромобиль сатылымы екі есеге жуық артты
Өзбекстанда электромобильдерге деген сұраныс жыл өткен сайын айтарлықтай өсіп келеді. Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы сәуір айында республика бойынша 8,1 мың электромобиль сатылған.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге жуық жоғары екенін көрсеткен.
Сарапшылардың пікірінше, электромобильдер сегменті елдегі жеңіл көліктер нарығында ең жоғары өсім қарқынын көрсетуді жалғастырып отыр.
Сатылым бойынша Ташкент қаласы көш бастап тұр. Мұнда 5,56 мыңнан астам электромобиль сатылып, бұл Өзбекстан электромобильдер нарығының шамамен 70 пайызын құраған.
Аймақтар арасында Ташкент облысы мен Ферғана облысы да көш бастаған. Бұл өңірлерде тиісінше 573 және 464 электромобиль сатылған.
Сонымен қатар, жылдық есеп бойынша электромобиль сатылымы барлық дерлік өңірлерде өскен. Тек Самарқанд облысында нарық белсенділігі өткен жылмен салыстырғанда 34 пайызға төмендеген.