Өзбекстан – Әзербайжан саммиті аяқталды
Әзербайжан Республикасы Президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясындағы іс-шаралар аяқталды.
Кеше Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев әзербайжандық әріптесімен шағын құрамда кездесу және Жоғары мемлекетаралық кеңестің үшінші отырысын өткізді. Мәңгілік достық туралы тарихи шартқа және бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылып, бірлескен бірнеше жоба іске қосылды. Мемлекет басшылары екі елдің жоғары мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Сапар аясында Әзербайжан Президенті Жаңа Ташкент жобасымен танысты. Мемлекет басшылары Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің жаңа кампусын ашу және Жаңа Ташкентте «Әзербайжан» саябағын салу жұмыстарын бастау рәсімдеріне қатысты.
Бүгін саммит Бұхарада жалғасты. Мемлекет басшылары жұбайларымен бірге көне қаланың тарихи ескерткіштерін аралады.

Жоғары мәртебелі қонақтарға Бұхара облысының цифрландыру, жеңіл және электротехника өнеркәсібі сияқты салалардағы әлеуеті туралы ақпарат берілді.
Іс-шаралар аяқталған соң, Бұхара халықаралық әуежайында Президент Ильхам Әлиев пен жұбайын Президент Шавкат Мирзиеев пен жұбайы шығарып салды.
Осылайша Мемлекет басшысы Бұхараға сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып оралды.