Өзбекстан Президентінің Беларуське ресми сапары басталды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев ресми сапармен Минск қаласына келді.
Беларусь астанасының халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Беларусь Республикасының Премьер минисрі Александр Турчин, сыртқы істер минисрі Максим Рыженков және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.


Мәртебелі мейманның құрметіне екі мемлекеттің мемлекеттік тулары көтеріліп, Құрмет қарауылы сап түзеді.
Сапар бағдарламасына сәйкес, 9 шілде күні жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өтеді.



