Өзбекстан Президенті Қырғызстан Министрлер Кабинетінің Төрағасын қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Бесінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысу үшін елімізге келген Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымәлиевті қабылдады.
Кездесу басында мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында екі ел басшылары арасында қол жеткізілген сауда-экономикалық, көлік, су-энергетика салаларындағы келісімдерді жүзеге асыру мәселелеріне, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағдарламалар мен өңіраралық алмасуларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Өзара ынтымақтастықты нығайту және алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралардың күн тәртібін мазмұнды ету мақсатында Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің кезекті отырыстары аясында, сондай-ақ басқа да серіктестік тетіктері шеңберінде жаңа жобалар мен бастамаларды әзірлеудің маңыздылығы айрықша атап өтілді.
