Өзбекстан Президенті «ACWA Power» компаниясының басшысын қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің кезекті отырысы аясында «ACWA Power» компаниясының басшысы Мұхаммед Абунайян бастаған делегацияны қабылдады.
Кездесу барысында серіктестік байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды жеделдету мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Өзбекстандағы «жасыл» энергетика саласының негізгі серіктестерінің бірі саналатын «ACWA Power» компаниясының қызметіне жоғары баға берді. Айта кетілгендей, өткен жылдың желтоқсан айында басталған жаңа инвестициялық бастамалар, соның ішінде күн және жел электр станцияларын салу жобалары жоспарға сай жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ, сұхбат барысында ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарына да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Жаңа Ташкент» халықаралық әуежайының құрылысын бастау, Ферғана қаласында көпсалалы медициналық мекеме салу, сондай-ақ IT-паркте заманауи деректер орталығын іске қосу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында саудиялық инвесторлар Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен қалыптасқан қолайлы инвестициялық орта үшін алғыс білдіріп, жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асыруға дайын екендіктерін атап өтті.