Өзбекстан мен Түрікменстан бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды
Ашхабатта өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов пен Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.
«Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойдық», – деп жазды Өзбекстан Сыртқы істер министрі өзінің Telegram-арнасында.
Атап айтқанда, тараптар Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Түркіменстан Үкіметі арасындағы халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.
Министрдің айтуынша, қол қойылған құжаттар саяси диалогты институционалдық негізде одан әрі дамытуға, сыртқы саяси ведомстволар арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және заманауи қауіпсіздік саласындағы өзара үйлестіруді нығайтуға ықпал етеді.